📍 Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1  |  ☎ +7 (725) 44-21-1-50
ОТЫРАР МУЗЕЙ

Реставрация және консервация бөлімі

Бас бет Бөлімдер Реставрация және консервация бөлімі

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК

Реставрация және консервация бөлімі

Реставрация — табиғи ескіру, нұқсан келтіру немесе әдейі өзгерту кезінде заттардың өзгеріске ұшыраған тұстарын бастапқы қалыпқа барынша жақындату.

Консервация — табиғи ескіру процесін баяулату мақсатында белгілі бір режимдерді енгізу арқылы заттарды сақтау, сонымен қатар бұзылу процесіне белсенді түрде араласып, заттарды бекіту.

Реставрация — музей ісінің ажырамас әрі маңызды бөліктерінің бірі. Отырар музейі құрылғаннан бері онда реставраторлар жұмыс істеп келеді. Олардың қолымен жүздеген музейлік заттар жөндеуден өтіп, жаңғырып, қайта түледі.

Кемені реставрациялау
Кемені реставрациялау
Кітаптарды реставрациялау
Кітаптарды реставрациялау
Керамикалық жәдігерлерді реставрациялау
Керамикалық жәдігерлерді реставрациялау

Отырар музейі қорықтық музей болғандықтан, ашық аспан астындағы ескерткіштерді сақтап, күтіп ұстау мақсатында 2005 жылы Реставрация және консервация бөлімі болып қайта құрылды. Қордың сақталуын бақылап жүрген сақтаушылар мен реставраторлар консервация мен реставрацияны қажет ететін заттарды іріктеп алады.

Ескерткіштерді консервациялау
Ескерткіштерді консервациялау
Реставрациялық зертхана
Реставрациялық зертхана

Қате көрсетілген диагноз, дұрыс жүргізілмеген жұмыс музей затының жойылуына әкеп соғады. Жаңа тәсіл мен жаңа құралдарды (химиялық, басқа да жаңа заттарды) қолдану өте сақтықты және тиянақты эксперименттік тексеруді қажет етеді. Қайталанбас, сирек заттарды жөндеу аса маңызды іс.