📍 Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1  |  ☎ +7 (725) 44-21-1-50
ОТЫРАР МУЗЕЙ

Басшылық

Бас бет Басшылық

Жандосов Айбек Кыстаубаевич

Музей директоры

Директор

Туылған күні, жері: 20 желтоқсан 1985 жылы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы. Ұлты: Қазақ Отбасы жағдайы: Отбасылы, (2 қыз және 2 ұл) Білімі: - 1992-2002 - № 198 орта мектеп Қызылорда қаласы; - 2002-2007 - Сатпаев атындағы қазақ мемлекеттік техникалық университет (Алматы қаласы); Мамандығы: Автоматтандырылған жобалау жүйелері (370240) Біліктілік: инженер системотехник; - 2007-2009 - Қазақ мемлекеттік Заң университеті Мамандығы: Юриспруденция (050301) Тіл білу: - Қазақша, орысша, ағылшынша. Марапаттар: - 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталдым; -2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым; -2018 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекелік төсбелгісімен наградталған. Кәсіби тәжірбиесі: - 2005- 2006 - "Энергокомплект АКБ" ЖШС Менеджер-маркетолог (маркетингтік зерттеу, келісім шартқа отыру, жеткізу, кіргізу және жөнелту ТМҚ, түсімдерді бақылау және есепке алу, ТМҚ сатып алу бойынша конкурсқа құжаттар дайындау); - 2006- 2007 - "ДиаМирТех" ЖШС Қорғаныс жүйесін орнату мен реттеу маманы; - 2007- 2008 - АГТУ ООС – Қоршаған ортаны қорғау Алматы қалалық территориалды басқармасы Бас маман –Мемлекеттік экологоиялық сараптама, лицензия және рұқсаттама бөлімі; - 2008- 2010- "ДиаМирТех" ЖШС Директордың орынбасары (қаржылық мәселелер бойынша); - 2010- 2014 - ЖШС "АМПК" IT-маманы; - 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың шілдесіне дейін - РГУ «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ Директорының менеджемент жұмыстары жөніндегі орынбасары; - 2016 жылдың шілде айынан бастап «Астана» Ұлттық сурет галереясы» РММ Директорының галерея істері жөніндегі орынбасары; - 2016 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК Директоры қызметін атқардым; - 2019 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейын «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқардым; -2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары; - 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың мамырына дейін ТОО Мамыр қамтамасыз етушы (Алматы қ.); -2023 жылдың мамырынан бастап тамыз айына дейін «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ Алматы облыстық радио және телехабар тарату дирекциясының жедел-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары (Алматы қ.); -2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (Алматы қ.); - 2024 жылдың қаңтар айынан бастап «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;

Шоқай Ералы Төлендіұлы

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Орынбасар

Шоқай Ералы Төлендіұлы 08.01.1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 1980 жылы аталған аудандағы қазіргі Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясына барып 1991 жылы 11 сыныбын бітірген. Осы жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Аль-Бухари атындағы ислам институна барып 1995 жылы аталмыш институтты араб тілі оқытушысы және бас имам мамандығымен тәмамдады. 1996 жылдың қаңтар айында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің әдебиет және өнер бөліміне араб харпіндегі қолжазбаларды аударма жасау қажеттілігіне байланысты аға ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданды. 2001 жылы музейдің компьютершісі, 2002 жылы Арыстанбаб және этнография бөліміне аға ғылыми қызметкер, 2002 жылдың қыркүйек айынан музейдің бас қор сақтаушы міндетін атқарып келеді. Музей жұмысында жүріп 2003 жылы өз білімін жетілдіру мақсатында Түркістандағы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне түсіп 2005 жылы тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Музейдегі жұмыстарының нәтижесінде Отырарлық халық ақындарының бірнеше шығармалары аударма жасалынып ақындардың тұңғыш шығарма жинақтары жарық көрді. Музейдегі үлгілі еңбектері ескеріліп 2016 жылы Мәдениет саласының үздігі, 2019 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы, 2021 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальі, Қазақ хандығына 550 жыл мерекелік медальі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери-тарихи мұражайының ашылуына қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің алғыс хаты, тағы басқа көптеген облыстық музейлер, Аманат партиясы, аудан әкімшілігі, аудандық мәслихаттын алғыс хаттарымен марапатталған. Халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау бағытында Республикамыздың барлық аймақтарында, шетелдерде көрмелер ұйымдастыруда атқарған еңбектері зор.

Жүнісов Ержан Тұрсынханұлы

Директордың әкімшілік жұмыстар жөніндегі орынбасары

Орынбасар

Жүнісов Ержан Тұрсынханұлы 1981 жылғы 26 наурызда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 1987–1998 жылдары Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатта орта білім алған. 1999–2003 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тарих факультетінде білім алып, жоғары оқу орнын тәмамдаған. 2014–2016 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2003 жылы бастап, 2003–2005 жылдары Шәмші Қалдаяқов атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 2005–2014 жылдары Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Отбасылы. Жеті ұл-қыз тәрбиелеп отыр.