«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК
Қорды есепке алу және сақтау бөлімі
Қорды есепке алу және сақтау бөлімі — «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі. Бөлім 1979 жылдан бастап жәдігерлерді есепке алу, сақтау, ғылыми сипаттау, жүйелеу және көпшілікке насихаттау бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Музей қорының алғашқы негізі Отырар ауданы аумағында қалыптасқан аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорымен байланысты. Алғашқы кезеңде қор 764 дана жәдігерден құралса, қазіргі таңда музей қорында 25 541 музей заты сақтаулы. Оның ішінде 22 131 жәдігер негізгі қорда, 3 410 жәдігер ғылыми-көмекші қорда тіркелген.
Отырар музейі қорының негізін Отырар алқабындағы бай қалалық мәдениеттен сыр шертетін археологиялық жәдігерлер құрайды. Қорда Отырар археологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында табылған құнды материалдар сақтаулы.
Қор құрамында археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық, жазба-деректік, мемориалдық және көркемөнер бағытындағы коллекциялық топтар қалыптасқан. Бұл жәдігерлер Отырар өңірінің ежелгі және ортағасырлық қалалық мәдениетін, қолөнер өндірісін, шаруашылығын, сауда байланыстарын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік және рухани өмірін танытатын маңызды тарихи дереккөздер болып табылады.
Бөлімнің негізгі қызметі — музей заттары мен коллекцияларын есепке алу, ғылыми сипаттау, паспорттау, жүйелеу, каталогтау, сақталу жағдайын бақылау және оларды ғылыми әрі мәдени айналымға енгізу. Сонымен қатар бөлім музей заттарын экспозициялар мен уақытша көрмелерге дайындау, қорды толықтыру, Мемлекеттік музей қоры каталогына және мәдени игілік объектілері тізіміне енгізу бағытында жұмыс атқарады.
Қорды есепке алуЖәдігерлерді каталогтауЖәдігер паспорттарын тіркеу
Қор сақтау жұмыстары
Қор сақтау жұмыстары музей заттарының материалына, түріне, тарихи құндылығына және сақталу жағдайына қарай жүргізіледі. Жәдігерлерді сақтау барысында температуралық, ылғалдылық, жарық және биологиялық режимдер ескеріледі. Қазіргі таңда қор сақтау бөлмелерінің жалпы ауданы 615,7 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде музей ғимаратындағы қор сақтау бөлмелері 361,5 шаршы метр, Сапар орталығындағы қор сақтау бөлмелері 254,2 шаршы метр аумақты қамтиды.
Музей қорын есепке алу жұмыстары қағаз және электрондық форматта жүргізіледі. Әрбір музей затына ғылыми сипаттама жасалып, оның атауы, материалы, жасалу техникасы, өлшемі, сақталу жағдайы, тарихи маңызы және қор құжаттарындағы негізгі мәліметтері тіркеледі.
Керамикалық жәдігерлерді сақтауМеталл бұйымдарды зерттеуЭтнографиялық жәдігерлерді сақтау
Қордағы жәдігерлер сақталып қана қоймай, ғылыми зерттеу, экспозициялық көрсету және көпшілікке таныстыру бағытында жүйелі түрде пайдаланылады. Олар музей экспозицияларында, уақытша көрмелерде, ғылыми каталогтарда, ақпараттық-танымдық материалдарда және мәдени-ағартушылық жобаларда ұсынылады.
Музей-қорықтың қалыптасу кезеңінен бастап қор сақтау бөлімін әр жылдары Асантай Алимов, Зинаида Анфилова, Райхан Әпекова, Ералы Шоқай басқарды. 2024 жылдан бастап Бекешев Нұрсұлтан Абайұлы бас қор сақтаушы — Қор сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Қорды есепке алу және сақтау бөлімі Отырар мұрасын сақтау, зерттеу және болашақ ұрпаққа жеткізу ісінде маңызды орын алады. Отырар өркениетімен жақынырақ танысқысы келетін келушілер музей экспозицияларынан археологиялық мұралардың таңдаулы үлгілерін тамашалай алады.
Отдел учёта и хранения фондов — одно из основных структурных подразделений РГКП «Государственный археологический музей-заповедник «Отрар». С 1979 года отдел ведёт работу по учёту, хранению, научному описанию, систематизации и популяризации музейных предметов.
Первоначальная основа музейного фонда связана с фондом районного историко-краеведческого музея, сформировавшегося на территории Отрарского района. На начальном этапе фонд насчитывал 764 единицы хранения, а в настоящее время в фондах музея хранится 25 541 музейный предмет. Из них 22 131 предмет зарегистрирован в основном фонде, 3 410 — в научно-вспомогательном фонде.
Основу фонда Отрарского музея составляют археологические предметы, свидетельствующие о богатой городской культуре Отрарского оазиса. В фонде хранятся ценные материалы, обнаруженные в ходе работ Отрарской археологической экспедиции, Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции и других научно-исследовательских работ.
В составе фонда сформированы археологическая, нумизматическая, этнографическая, документально-письменная, мемориальная и художественная коллекционные группы. Эти предметы являются важными историческими источниками, раскрывающими древнюю и средневековую городскую культуру Отрарского региона, ремесленное производство, хозяйство, торговые связи, быт, социальную и духовную жизнь.
Основная деятельность отдела — учёт, научное описание, паспортизация, систематизация и каталогизация музейных предметов и коллекций, контроль за условиями их хранения, а также введение их в научный и культурный оборот. Кроме того, отдел ведёт работу по подготовке музейных предметов для экспозиций и временных выставок, пополнению фонда, внесению предметов в Каталог Государственного музейного фонда и в перечень объектов культурных ценностей.
Учёт фондаКаталогизация предметовРегистрация паспортов предметов
Работа по хранению фондов
Работа по хранению фондов ведётся с учётом материала, вида, исторической ценности и состояния сохранности музейных предметов. При хранении предметов учитываются температурный, влажностный, световой и биологический режимы. В настоящее время общая площадь фондохранилищ составляет 615,7 квадратного метра. Из них фондохранилища в здании музея занимают 361,5 квадратного метра, фондохранилища в центре «Сапар» — 254,2 квадратного метра.
Учёт музейного фонда ведётся в бумажном и электронном форматах. На каждый музейный предмет составляется научное описание, в котором фиксируются его название, материал, техника изготовления, размеры, состояние сохранности, историческое значение и основные сведения из учётной документации фонда.
Хранение керамических предметовИсследование металлических изделийХранение этнографических предметов
Предметы фонда не только хранятся, но и систематически используются в научных исследованиях, для экспонирования и ознакомления широкой публики. Они представлены в музейных экспозициях, на временных выставках, в научных каталогах, информационно-познавательных материалах и культурно-просветительских проектах.
С момента становления музея-заповедника отдел хранения фондов в разные годы возглавляли Асантай Алимов, Зинаида Анфилова, Райхан Апекова, Ералы Шокай. С 2024 года обязанности главного хранителя фондов — заведующего отделом хранения фондов исполняет Нурсултан Абайулы Бекешев.
Отдел учёта и хранения фондов занимает важное место в деле сохранения, изучения и передачи наследия Отрара будущим поколениям. Посетители, желающие ближе познакомиться с отрарской цивилизацией, могут увидеть в музейных экспозициях лучшие образцы археологического наследия.
RSOE "Otrar State Archaeological Museum-Reserve"
Collections Accounting and Storage Department
The Collections Accounting and Storage Department is one of the main structural divisions of the RSOE "Otrar State Archaeological Museum-Reserve". Since 1979 the department has been engaged in the registration, storage, scientific description, systematisation and public promotion of museum objects.
The original core of the museum collection is linked to the collection of the district museum of history and local lore that was established in the Otrar District. At the initial stage the collection consisted of 764 items; today the museum holds 25,541 museum objects. Of these, 22,131 items are registered in the main collection and 3,410 in the auxiliary research collection.
The core of the Otrar Museum collection consists of archaeological artefacts that bear witness to the rich urban culture of the Otrar oasis. The collection holds valuable materials discovered during the work of the Otrar Archaeological Expedition, the South Kazakhstan Integrated Archaeological Expedition and other research projects.
The collection comprises archaeological, numismatic, ethnographic, written and documentary, memorial and fine and decorative art groups. These objects are important historical sources that reveal the ancient and medieval urban culture of the Otrar region, its craft production, economy, trade relations, everyday life, and social and spiritual life.
The main activities of the department are the registration, scientific description, certification (passporting), systematisation and cataloguing of museum objects and collections, monitoring their storage conditions, and introducing them into scholarly and cultural circulation. The department also prepares museum objects for permanent displays and temporary exhibitions, works on expanding the collection, and enters objects into the Catalogue of the State Museum Fund and the list of cultural property.
Storage work is carried out according to the material, type, historical value and state of preservation of museum objects. Temperature, humidity, light and biological regimes are taken into account in the storage of artefacts. At present the total area of the storage rooms is 615.7 square metres. Of this, the storage rooms in the museum building occupy 361.5 square metres, and those at the Sapar Center occupy 254.2 square metres.
Records of the museum collection are kept in paper and electronic formats. A scientific description is compiled for each museum object, recording its name, material, manufacturing technique, dimensions, state of preservation, historical significance and the key information contained in the collection documentation.
Storage of ceramic artefactsExamination of metal objectsStorage of ethnographic artefacts
The artefacts in the collection are not only preserved but also systematically used for research, display and public outreach. They are presented in museum displays, temporary exhibitions, scholarly catalogues, educational materials and cultural and educational projects.
Since the museum-reserve was established, the storage department has been headed at various times by Asantai Alimov, Zinaida Anfilova, Raikhan Apekova and Yeraly Shokai. Since 2024 Nursultan Abaiuly Bekeshev has served as Chief Curator and Head of the Storage Department.
The Collections Accounting and Storage Department plays an important role in preserving and studying the heritage of Otrar and passing it on to future generations. Visitors who wish to learn more about the Otrar civilisation can admire the finest examples of archaeological heritage in the museum's displays.