Отырар — ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.
Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут «Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала» деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған.
10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген.
Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Отрар — средневековое городище. Расположено в 7 км к северо-западу от железнодорожной станции Темир, Отрарский район, Туркестанская область.
С начала VIII века Отрар известен под названием Тарбанд (Трабан). Это имя встречается в древнетюркских надписях, посвящённых Кültigin и Bilge kaghan. Арабский географ Якут (VIII в.) писал: «Тарбанд, Турар, Турарбанд и Отрар — один город». Арабский историк ат-Табари называл правителя Отрара одним из врагов халифа аль-Мамуна, что свидетельствует о том, что Отрар уже в IX веке был крупным городом.
В письменных источниках X в. упоминается область Фараб с центральным городом Кедер. Согласно аль-Макdisi (конец X в.), Фараб был более древним, чем Кедер, и столица области называлась по имени региона — Фараб. После X века Кедер в исторических и географических записях не упоминается — вместо него и столица, и область называются Фараб.
В V–XV веках Отрар был важным городом на торговом пути из Ирана и Средней Азии в Сибирь, Монголию и Китай, где торговали с кочевыми племенами Аральского региона. По мнению некоторых исследователей, в городе тогда была одна из крупнейших в мире библиотек и множество мечетей-медресе.
Otrar is a medieval city site located 7 km northwest of Temir railway station in Otrar District, Turkistan Region.
Since the early 8th century, Otrar has been known as Tarband (Traban). This name appears in ancient Turkic inscriptions dedicated to Kultigin and Bilge Kagan. The Arab geographer Yaqut (8th c.) wrote: «Tarband, Turar, Turarband, and Otrar are one city.» The Arab historian al-Tabari called the ruler of Otrar one of the enemies of Caliph al-Mamun, indicating that Otrar was already a major city in the 9th century.
10th-century records mention the Farab region with its central city Keder. According to al-Maqdisi (late 10th c.), Farab was older than Keder, and the capital was named after the region — Farab. After the 10th century, Keder disappears from historical and geographical records; both the capital and the region are called Farab.
From the 5th to 15th centuries, Otrar was an important city on the trade route from Iran and Central Asia to Siberia, Mongolia, and China, trading with nomadic tribes of the Aral region. Some researchers believe the city then housed one of the world's largest libraries and numerous mosque-madrasas.