📍 Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1  |  ☎ +7 (725) 44-21-1-50
ОТЫРАР МУЗЕЙ

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімі

Бас бет Бөлімдер Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлімі

Отырар МАМ-Қорығы

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімі

Мәдени мұраны қорғау қызметі

Музейдің ғылыми жұмыстарының халық арасында жүргізетін ағарту жұмыстары сан салалы. Онда ескерткіштерді зерттеу, оны қорғау жұмыстары жүргізіледі. Отырар алқабының ғылыми картасына 200-ден аса жаңа ескерткіштердің енуі соның нәтижесі. Болашақ зерттеушілерді күтетін бұл ескерткіштер тарихтың жаңа парағын ашатындығы даусыз.

Музей ашылған алғашқы жылдардан бастап өңірдегі мәдени мұра объектілерін қорғау мен есепке алу жұмысы жүйелі түрде жүріп келеді. 1989–2000 жж., 2004–2005 жылдары мамандар Отырар өңірінің бұрын-соңды белгісіз боп келген тарихи-мәдени мұраларын тауып, Отырар өңірінің археологиялық ескерткіштерге жүргізілген барлау экспедиция жұмыстары барысында 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтап тіркеу құжаттары мен сызбалары, фотосуреттері қағаз бетіне түсірілді.

Бүгінде Отырар ауданындағы 13 ауылдық округ бойынша 204 тарихи-мәдени ескерткіш «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қарауына алынған. Оның ішінде республикалық маңызға ие — 5, жергілікті маңызға ие — 73 ескерткіш бар. 126 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізімінде. 63 ескерткішке мемлекеттік акт алынған. Ескерткіштердің жалпы қорғау аймағы — 11 546 га.

Арыстанбаб кесенесі
Арыстанбаб кесенесі
Отырар қалашығы
Отырар қалашығы
Оқсыз қалашығы
Оқсыз қалашығы
Құйрықтөбе қалашығы
Құйрықтөбе қалашығы
Алтынтөбе қалашығы
Алтынтөбе қалашығы
Күйік Мардан қалашығы
Күйік Мардан қалашығы
Қаракөншек қалашығы
Қаракөншек қалашығы
Қауған ата мекенжұрты
Қауған ата мекенжұрты
Тоғайтөбе мекенжұрты
Тоғайтөбе мекенжұрты
Бұзықтөбе қалашығы
Бұзықтөбе қалашығы

Есепте тұрған ескерткіштер классификация бойынша 3 топқа бөлінген:

Ескерткіш түріЖалпы саны
1Археологиялық169
2Архитектуралық6
3Ирригациялық27

Археологиялық ескерткіштер классификация бойынша топтарға бөлінген:

Ескерткіш түріЖалпы саны
1Қалажұрттар24
2Мекенжұрттар99
3Төрткүлдер12
4Қорым-обалар21
5Арық-каналдар28
6Қарауылтөбелер2
7Шеберханалар4
8Тұрақтар5

Мәдени мұраны қорғауда ескерткіштердің орналасу аумағы бойынша қорықшылар бекітілген. Олар өздеріне бекітіліп берілген тарихи ескерткіштерді табиғи немесе қасақана қауіп төнуден (су деңгейінің көтерілуі, түрлі құрылыс және шаруашылық жұмыстарының жүргізілуі) сақталуын қамтамасыз етеді.

Өңір тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Оларды қорғау бойынша музейдің маманданған тарихи ескерткіштерді қорғау қызметкерлері еңбек етеді. Ескерткіштерді қорғау саласы бойынша мамандар Ресей, Қытай мемлекеттерінде білімдерін жетілдіріп арнайы курстардан өтті.

Сондай-ақ, ArsGIS бағдарламасы ескерткіштер орналасу картасы, мәліметтер базасы, жәдігерлерді күтіп сақтау, есепке алу және ресми рәсімдеу жұмысына аса пайдалы екеніне көз жеткізіліп, Отырар музей-қорығы Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институтымен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет Отырар өңірінің ескерткіштерінің электронды археологиялық картасын жасады. Жұмыс Leisa фирмасының электронды тахеометрлерінен инструментальді топографиясы түсіріліп, ескерткіштердің электронды базасы жасалды.

Отырар өңіріндегі тарихи ескерткіштерді қорғау жұмыстары

Бөлім қызметкерлері
Бөлім қызметкерлері
Бөлім жиналысы
Бөлім жиналысы
Ескерткіш белгісін орнату
Ескерткіш белгісін орнату
Далалық зерттеу
Далалық зерттеу
Экспедициялық жұмыс
Экспедициялық жұмыс
Қорықшылар патрульі
Қорықшылар патрульі
Шошақтөбе белгісі
Шошақтөбе белгісін орнату
Ескерткішті тіркеу
Ескерткішті тіркеу
Далалық мониторинг
Далалық мониторинг

Кәсіби оқыту

Бейжің, 2016
Бейжің қаласындағы мәдениет қызметкерлерін даярлау орталығы мен Шанхай өнер академиясында. ҚХР. 2016 ж.
Мәскеу, 2006
«Қазіргі заманғы музей ісінің өзекті мәселелері» курсы. Мәскеу. 2006 ж.
Санкт-Петербург, 2016
«Археологиялық мұра объектілері: қорғаудың, анықтаудың, зерттеудің аспектілері» курсы. Санкт-Петербург. 2016 ж.
Оқыту курсы
Кәсіби оқыту курсы
Семинар
Семинар-сабақ
Халықаралық оқыту
Халықаралық оқыту бағдарламасы

Қазіргі жұмыс бағыттары

Қазіргі таңда музейдің мәдени мұраны қорғау және ғылыми-зерттеу қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, мына бағыттарда жұмыс жүргізуде: