Отырар МАМ-Қорығы
«Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің негізі 1980 жылы «Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау» бөлімі ретінде қаланды. Бөлімнің қалыптасуы мен дамуына әр жылдары Өмірсерік Құрманов, Досымбек Нысанбаев, Ақмолда Ысқақов, Қожа Мұхтар Баһадүрұлы, Ахмет Серік Зарапұлы, Таубек Азат Тұрлыбекқызы, Есжан Ержан Әуелханұлы сынды мамандар үлес қосты. 2013–2017 жж. аралығында бөлімді Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлы басқарды. 2017 жылы бөлім «Археология» және «Тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімі болып қайта құрылып, бөлім меңгерушісі болып Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлы қызмет жасап келеді.
Бөлім қызметкерлері Отырар өңірінің археологиялық және тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жұмыстарымен айналысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Мыңшұқыр құмырашылар шеберханасы, Марданкүйік шыны өндіру шеберханасы және Отырар қаласының соңғы хакімі Бердібек сарайы анықталып, зерттелді. Бұл жаңалықтар өңір тарихын жаңа деректермен толықтыруға мүмкіндік берді.
Бөлім қызметкерлері Отырар, Тараз, Күлтөбе, Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ және басқа да ежелгі қалашықтарда жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерге қатысып, ғылыми есептер мен жарияланымдар әзірлеген.