📍 Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №1  |  ☎ +7 (725) 44-21-1-50
ОТЫРАР МУЗЕЙ

Этнография ғылыми-зерттеу бөлімі

Бас бет Бөлімдер Этнография ғылыми-зерттеу бөлімі

Отырар МАМ-Қорығы

Этнография ғылыми-зерттеу бөлімі

Музей-қорықтың үлкен бір бөлімі — этнография ғылыми-зерттеу бөлімі. Бөлімнің жүргізіп отырған жұмыстары халқымыздың сан-салалы тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, заманымыздың халық жадында сақталып қалған өнертабысы мен зерделі өнерінің жетістігімен табыстырады.

Халқымыздың рухани асыл қазыналарын зерделеп, ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, қолөнері, кәсібі, заттық және рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттеу қызметін атқарып келе жатқан бөлім 1982 жылы этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың ықпал етуімен құрылған. Содан бері үздіксіз жұмыс атқарып келеді.

Бөлімнің құрылуымен қатар, Сыр бойы қазақтарының этнографиясын көпшілікке насихаттап таныстыру мақсатында тарих жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтың ықпалымен этнография көрме залын ашу жұмысы қолға алынды. Залдың тақырыптық экспозициялық жоспарын Өзбекәлі Жәнібеков, академик, әдебиеттанушы ғалым Рахманқұл Бердібайұлы, тарих ғылымдарының докторы, этнограф-ғалым Халел Арғынбайұлы, фарабитанушы Ағжан Машанов т.б. ғалымдар жасады.

Экспозицияда қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі XVIII–XX ғасырлардағы Сырдың орта ағысындағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен қолөнері, мал шаруашылығы, егіншілік, аңшылық пен саятшылық өнеріне байланысты деректер мен заттай жәдігерлер қамтылды.

Дәстүрлі киіз үй интерьері
Дәстүрлі киіз үй интерьері
Дәстүрлі дән ұнтау
Дәстүрлі дән ұнтау
Дәстүрлі кәсіп
Дәстүрлі кәсіп

Музейдің этнограф мамандары қор жинағындағы жәдігерлерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізумен қатар, этнографиялық қорды толықтыру мақсатында экспедициялар ұйымдастырып халықтың қолында сақталып келген көне бұйымдарды жинастырып, ұлттық құndылықтарымызды жалғастырушы, жаңғыртушы азаматтармен тығыз жұмыстар жасауды жолға қойды.

Экспедициялық және зерттеу жұмыстары

Шебермен кездесу
Шебермен кездесу
Ағаш өңдеу шеберлігі
Ағаш өңдеу шеберлігі
Күміс әшекейлерді зерттеу
Күміс әшекейлерді зерттеу
Дәстүрлі тоқыма бұйым
Дәстүрлі тоқыма бұйым
Зергерлік бұйымдарды құжаттандыру
Зергерлік бұйымдарды құжаттандыру
Сырмак кілемді зерттеу
Сырмак кілемді зерттеу
Кілемді құжаттандыру
Кілемді құжаттандыру
Далалық экспедиция
Далалық экспедиция
Ауызша деректерді жинақтау
Ауызша деректерді жинақтау
Ағаш өнер шеберлігі
Ағаш өнер шеберлігі

Сонымен қатар, этнограф-ғалымдармен, қолөнер шеберлерімен кездесулер ұйымдастырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнері мен мәдениетін насихаттау бөлім жұмысының маңызына айналып отыр.