Оқсыз қалажұрты, б.д. бірінші ғасырлары – XV ғ. (археол.). Маяқұм ауылының солтүстігінде, 9,5 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т421244 UTM 4755998.
1900 жылы Н.В.Руднев кішірім қазба жүргізіп зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) зерттеген.
Ғылыми әдебиетте Оқсыз Әбу Насыр әл-Фараби туған ортағасырлық Весидж қаласы деп есептеледі. 13 ғасырда қала Зернук деген басқа атпен белгілі болған болу керек. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан.
13 ғасыр ортасында Зернук қаласы армян патшасы Гетум саяхатының сипаттамасында аталады. Зернук атауының шығу тегі де қызықты. Әбу Абдаллах Хорезмидің сөздігінде Зернук (Зурнук) шығырдың түрлерін білдіретін терминдер қатарында аталады.
Суландыру жүйелерін зерттеу кезінде қала маңында бірнеше шығыр шұңқырлары мен шығырмен суландырудың кең таралғандығы анықталды. Осы жағдай Оқсызды Зернук қаласы деуге негіз береді. Оқсыз бен айналасында орналасқан егіншілік мекендер Оқсыздың оңтүстік-шығысында, 7 км жерде Сырдариядан бастау алатын Ақарық магистралды арығынан суландырылған.
5 бұрышты төбе екі қабаттан тұрады. Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан цитадель биіктігі 13,5 м, жандарының ұзындығы: солтүстік-шығысы – 90 м, солтүстік-батысы – 75 м, оңтүстік-шығысы – 180 м және оңтүстік-батысы – 150 м. Аласалау бөлігі шахристан. Оның көлемі: солтүстігі 165 м, шығысы 200 м, оңтүстік-шығысы 150 м, оңтүстік-батысы 195 м, батысы 180 м. Шахристанның биіктігі 3–5 м.
Шахристан айнала қабырғамен қоршалған. Қабырғалардың бұрыштарында және 30–40 м сайын мұнаралары болған. Мұнаралардың орындары биіктігі 1,5 м төбешіктер болып қалған. Қаланы айналдыра ор қазылған, қазір оның тереңдігі 2–3 м. Қалаға екі жерден, шығыс және оңтүстік-батыс қабырғаларда орналасқан қақпа арқылы кіретін болған.
Орталық төбеге оңтүстігі мен батысынан қорғансыз рабад жапсарласады. Рабад территориясынан магистралды арық өтеді. Рабад көлемі 20 га-дай.
Городище Оксыз, I в. до н.э. – XV в. (археол.). Расположено к северу от села Маякум, в 9,5 км, в местности Акжар. Географические координаты 42Т421244 UTM 4755998.
В 1900 году Н.В. Руднев провёл небольшие раскопки. В 1947 году — Южно-Казахстанская археологическая экспедиция (А.Н. Бернштам), в 1975 году — Южно-Казахстанская комплексная археологическая экспедиция (К.А. Акишев, К.М. Байпаков).
В научной литературе Оксыз считается средневековым городом Весидж, родиной Абу Насра аль-Фараби. В XIII веке город, вероятно, был известен под другим именем — Зернук. Расположен у брода на Сырдарье.
В середине XIII века город Зернук упоминается в описании путешествия армянского царя Гетума. Этимология названия Зернук также интересна: в словаре Абу Абдаллаха Хорезми Зернук (Зурнук) упоминается среди терминов, обозначающих виды шигыр (водоподъёмных колёс).
При изучении ирригационных систем вблизи города обнаружены многочисленные шигырные ямы и широкое распространение орошения шигыром. Это даёт основание называть Оксыз городом Зернук. Сельскохозяйственные поселения вокруг Оксыз орошались от магистрального канала Акарык, берущего начало от Сырдарьи, в 7 км к юго-востоку от Оксыз.
Пятиугольный холм состоит из двух частей. Цитадель в северо-восточной части высотой 13,5 м, стороны: северо-восток — 90 м, северо-запад — 75 м, юго-восток — 180 м, юго-запад — 150 м. Более низкая часть — шахристан. Размеры: север 165 м, восток 200 м, юго-восток 150 м, юго-запад 195 м, запад 180 м. Высота шахристана 3–5 м.
Шахристан окружён стеной. На углах и через каждые 30–40 м были башни. Места башен сохранились в виде холмиков высотой 1,5 м. Вокруг города выкопан ров глубиной 2–3 м. В город вели два ворот — на восточной и юго-западной стенах.
К центральному холму с юга и запада примыкает неукреплённый рабад. Через территорию рабада проходит магистральный канал. Площадь рабада около 20 га.
The Oksus archaeological site dates from the 1st century BC to the 15th century AD. It is located 9.5 km north of Mayakum village, in the area called Akzhar. Geographic coordinates: 42T421244 UTM 4755998.
First studied by N.V. Rudnev in 1900. Later investigated by the South Kazakhstan Archaeological Expedition (A.N. Bernshtam, 1947) and the South Kazakhstan Complex Archaeological Expedition (K.A. Akishev, K.M. Baipakov, 1975).
In scholarly literature, Oksus is identified as the medieval city of Vesidzh, birthplace of Abu Nasr al-Farabi. In the 13th century the city was likely known as Zernuk. It stood near a ford on the Syr Darya.
In the mid-13th century Zernuk is mentioned in the travel account of Armenian king Hetum. The etymology of Zernuk is also notable: Abu Abdallah Khorezmi's dictionary lists Zernuk (Zurnuk) among terms for types of shigyr (water-lifting wheels).
Studies of irrigation systems revealed numerous shigyr pits near the city and widespread shigyr-based irrigation — supporting the identification of Oksus with Zernuk. Surrounding agricultural settlements were irrigated from the Akaryk main canal, originating from the Syr Darya 7 km southeast of Oksus.
The pentagonal mound has two tiers. The citadel in the northeast rises 13.5 m (sides: NE 90 m, NW 75 m, SE 180 m, SW 150 m). The lower shahristan measures 165–200 m and stands 3–5 m high.
The shahristan was enclosed by walls with towers at corners and every 30–40 m. A moat 2–3 m deep surrounds the city. Two gates led in from the east and southwest walls.
An unfortified rabad adjoins the mound from the south and west, crossed by a main canal. The rabad covers about 20 hectares.